Түлектер аллеясы

Басты бетке

«ТҮЛЕКТЕР АЛЛЕЯСЫ» жобасы

Мақсаты: Мектеп-лицей ауласын көркейтуге үлес қоса отырып, түлектердің оқу ордасына, қаласына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Егер түлектер мектеп-лицей ауласына жасыл көшеттер егуге белсенді болса,  онда:

  • олар табиғатты қорғауға үйренеді,
  • ізбасарларына үлгі болады,
  • білім алған мектеп-лицей үшін мақтаныш сезімі артады,
  • білім ордасында өзінің ізі қалғанын біледі.

Қысқаша сипаттамасы:

  • Жыл сайын түлектер мектеп-лицей аумағындағы арнайы орынға шырша көшеттерін егеді.
  • Түлектердің көшеттерін ізбасарлары ретінде 10-сынып оқушылары қамқорлыққа алады.

Қатысушылар: Мектеп-лицей түлектері мен 10-сынып оқушылары.

Оқу жылы Бітіруші түлектер Егілген шырша саны
2015-2016  11 «А» ,  «Ә» 2
2016-2017 11 «А» ,  «Ә», «Б»,  «В» 8
2017-2018 11 «А» ,  «Ә», «Б»,  «В» 4
2018-2019 11 «А» ,  «Ә», «Б»,  «В» 4
2019-2020 11 «А» ,  «Ә», «Б»,  «В», «Г» 5