СӘУІР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ (2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫ)

Басты бетке

"Аялайық ананы" атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында "Бейнелеу өнері" номинациясы бойынша бас жүлде иегері Смайлова Дария Сарсенгелдиқызы атанды! Жетекшісі: Смайлов Сарсенгелди Кабиболлаулы. Жеңісті күндеріміз көп болсын!

Мектеп-лицейде экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығы аясында 5-сыныптар арасында "Менің табиғаттағы орыным" атты онлайн форматта пікірталас болып өтті. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, белсенділік таныта білді. Экологиялық тәрбиенің маңызы, экологиялық мәселелерге ұсынар шешімдерін, қоқысты қалай өңдеуге болатынын айтты. #ECOұрпақNS #бізтабиғаттықорғаймыз

Мектеп-лицейде экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығы аясында 5 “Илья Ильин” сыныбында “Халық сенімдері” атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Оқушылар халық арасында кеңінен қолданып жүрген ырым-тыйымдар, салт-дәстүріміз туралы білімдерін ортаға салып, сайыстың тартысты өтуіне атсалысты. #ECOұрпақNS #бізтабиғаттықорғаймыз

ҚыркүйекҚазан | Қараша | Желтоқсан | Қаңтар|
Ақпан |Наурыз | Сәуір | Мамыр |