НАУРЫЗ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ (2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫ)

Басты бетке

#Дарасынып76. Мектеп-лицейде қыркүйек айында бастау алған "Дара сынып" жобасы шеңберінде 5-Дәулет Тұрлыханов (д) сыныбының оқушылары әлем чемпионы, олимпиада жүлдегері ДӘУЛЕТ ТҰРЛЫХАНОВПЕН кездесу өтті. Дәулет Болатұлы жас өрендерге тәрбиелік, мотивациялық әңгімесін арнады, сұрақтарына жауап берді. Оқушыларға ұстазды құрметтеу, мақсат қою, қазақ тілінің мәртебесін көтеру жайлы ерекшелеп айтты. Кездесу соңында "Мектептегі 12 бесінші сыныптың арасында үздік үштікте болуымыз керек!" деген тілек айтты. Осы жолда тәлімгер-нұсқаушы болуға да ұсыныс білдірді.
Ағаларынан осындай қолдау болса ұрпағымыз саналы болатынына сенеміз!

Мектеп-лицейде мәдени-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында     «1 - наурыз алғыс айту күні» атты онлайн сабақтар өткізілді. Бұл мереке елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні болып саналады. 

Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» айлығының жоспары аясында "Шалқар" радиосының шаңырағына сұхбатқа мектеп-лицей ата-аналары:
Алаштанушы, журналист, Phd доктор Алма Сайлауқызы. Ақын, жазушы, драматург, жыршы, манасшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баянғали Тоқанұлы барады. СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ! Ертең сағат 12.05-те тікелей эфирде сұрақтарыңызды жолдауға болады.

Сәндік - қолданбалы шығармашылықта дарынды балаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған "Дарынды балалар әлемі!" атты байқауда ІІІ орынға ие болғаны үшін Әлихан Бөкейхан атындағы 76 мектеп - лицей оқушысы Оңалбаев Ибрахим марапатталады. Жетекшісі - Смаилов Сарсенгелді.

Балалар мен жасөспірімдердің туризм жəне өлкетану орталығының ұйымдастыруымен өткен оқушылар мен ата- аналар арасындағы шығармашылық конкурстан  5 "К" сынып оқушысы Елайна Халықбек III орынды иеленді. Жетекшісі: Тағыбаев Ж.Б. Құттықтаймыз👏👏👏

Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, Әз –Наурыз!» атты біріңғай ашық тәрбие сағаттары өтті. 19 ақпанға дейін жалғасатын сынып сағаттары «Дара сынып» жобасы бойынша аясында өтеді.
1-4 сыныптар:
«Жыл басы - Наурызым!»
5-7 сыныптар:
«Наурызым ұлық мерекем,
дәстүрім- берекем»
8-11 сыныптар:
«Салтым – дәстүрім озығым»

ҚыркүйекҚазан | Қараша | Желтоқсан | Қаңтар|
Ақпан |Наурыз | Сәуір | Мамыр |