АҚПАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ (2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫ)

Басты бетке

Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» айлығының аясында «Дара сынып» жобасы шеңберінде бірінші аптада Әлихан Бөкейхан туралы
1,2 - сыныптарда: "Мен Әлихан мектебінің шәкіртімін"
3 - сыныптарда: "Әлихан Бөкейхан - Алаш ардақтысы!"
4 - сыныптарда: "Алаштың Әлиханы"
5-сыныптарда: "Алаш көсемі Әлихан"
6-сыныптарда: "Ұлттық рухтың шамшырағы - Әлихан"
7-сыныптарда: "Ұлт мақтанышы - Әлихан Бөкейхан"
8,9 - сыныптарда: "Әлихан Бөкейханның ғылыми көзқарастары"
10-сыныптарда: "Алаш ұраны-азаттық",
11-сыныптарда: "Алаш идеясы және Тәуелсіздік" тақырыптарында өтті. Сынып сағатында ұлт көсемінің өмірбаянымен, еңбектерімен танысты.

Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай " Ұлтын сүйген ұлы жүрек" айлығы аясында ағылшын тілі мен орыс тілі ӘБ бірлесіп оқушылардың шығармашылық - танымдық вебинарын өткізді. Әлихан Бөкейханның аудармаларын үш тілде өрбітіп белсенді қатысқан оқушыларымызға алғыс айтамыз! Татиев Диас - 9в сыныбы, Саматов Мақсат - 9в сыныбы, Серік Баян -10д сыныбы, Әділ Әли - 9д сыныбы, Мұратбек Ақерке -10д сыныбы, Кувандыкова Алтынай - 10ә сыныбы, Кенжебек Дария -10ғ сыныбы, Абдрахманов Темирхан -10б сыныбы.

Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай " Ұлтын сүйген ұлы жүрек" жоспарына сәйкес "Әлихан мұрагерлері CUP" дебат турнирі өтті. Турнирге 8-10 сынып аралығында 24 оқушы іріктеліп алынып, алдын ала дайындық жұмыстары, кәсіби пікірсайысшылардың тренингтері өтті. 3 іріктеу кезеңінде де жас пікірсайысшылар озық ойын көрсете білді. Бір күнге созылған турирдің "Ең үздік спикері" - жалпы спикерлік ұпай бойынша 10 Г сынып оқушысы Дүйсенхан Айгерім болды. 1 - орын "Мұхаммеджан Тынышбаев" фракциясы: Дүйсенхан Айгерім 10 Г сыныбы, Кожаханов Алижан 10 Г сыныбы, 2-орын "Міржақып Дулатов" фракциясы: Исмагулов Жансерік 10 Ә сыныбы, Сабыр Рауан 10 Ә сыныбы, 3-орын "Жақып Ақбаев" фракциясы: Сауранбай Бексұлтан 8 Ә сыныбы, Алиева Жанна 8 В сыныбы, Үздік талпыныс: Шабарова Мөлдір 10 Ғ сынып оқушысы, Сәкен Эльнура 10 А сынып оқушысы, Турнир барысында Алаш идеясы, Әлихан Бөкейханның 5 ұстанымы, қашықтықтан оқу, жастар мәселесі талқыға түсті. Турнирге Сулейман Демирель Университетінің дебат клуб мүшелері төрелік етті. Жеңісті күндеріміз көп болсын!

Жалпы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында өткен қалалық Жамбыл оқуларынан “Жүз жасаған атама жыр арнаймын” номинациясы бойынша мектеп-лицейдің дарынды оқушысы Самал Парасат III орын иегері атанды.
Құттықтаймыз!

Әлихан Бөкейхан атындағы #76 мектеп-лицейде "Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету" тақырыбында вебинар өтті. Вебинарға Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің МӨҚБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Е.Отарғалымұлы және жауапты мамандар, #76 мектеп-лицейдің педагогтері мен қызметкерлері қатысты. Вебинар барысында мектептің өртке қарсы жай-күйі, тілсіз жауға қарсы режимнің сақталуы, өрт автоматикасы жүйелері мен өртке қарсы нұсқауларды сақтау және техникалық қызмет көрсету тәртібі, өрт шыққан кездегі іс-қимыл тәртібі және эвакуациялау процесін ұйымдастыру бойынша кәсіби нұсқаулықтар таныстырылды.

Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» айлығының жоспары аясында "Шалқар" радиосының шаңырағына сұқбатқа Өтелбек Ризабекұлы мен 7 "Әлихан Бөкейхан" сыныбының оқушысы Маржан Төлеуқызы және 7 “Темірбек Жүргенов" сыныбының оқушысы ұлт көсемімен аттас Әлихан Ардақұлы барады.
СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!
26 - ақпан сағат 12.05-те тікелей эфирде сұрақтарыңызды жолдауға болады.

«Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз» атты алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына арналған жас ақындардың жыр мүшәйрасы ұйымдастырылады. Жыр мүшайрасынына 1-11-сынып оқушылары қамтылды. Жыр мүшәйрасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде, қатысушылар алаш ардақтылары мен Әлихан Бөкейханның өмірі мен шығармашылығына арналған өлеңдерін жолдады. Бірінші іріктеу кезеңінен әділқазылардың сараптауы бойынша 10 оқушы екінші кезеңге өтті. Екінші кезеңде қатысушылар өз шығармашылығын, Әлихан аталарына дайындаған арнауларын арнады, онлайн форматта оқыды. Байқау нәтижесі бойынша 1-4 сынып аралығында: Нурасыл Наурызбай 1-орын, Нурлан Нурсултан 2-орын, 5-11 сынып аралығында: Мәлік Іңкәр 1-орын, Самал Парасат 2-орын, Еркін Еміл 2-орын, Нұрлан Дінмұхамед 3-орын, Алмагамбетова Томирис 3-орын, Нұрлан Нұрайым «Сыршыл ақын» номинациясы, Әлімбек Айдана «Шығармашыл ақын» номинациясы, Бәкірова Асылжан «Жаңашыл ақын» номинациясын иеленді.

ҚыркүйекҚазан | Қараша | Желтоқсан | Қаңтар|
Ақпан |Наурыз | Сәуір | Мамыр |