ҚАҢТАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ (2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫ)

Басты бетке

«Тәуелсіздік - алтын діңгегім» атты бастауыш сынып оқушылары арасында өткен шығарма байқауына қатысып Бас жүлдеге және ынталандыру сыйлықтарына ие болған оқушыларды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Наурызбай Нұрасыл 3 «К» - БАС ЖҮЛДЕ. Сынып жетекшісі: Сарсенова Айым. Бердіқожа Бақытжан 3 «Б» - ДИПЛОМ. Сынып жетекшісі: Мошқал Гүлзат. Оңғарбай Інжу 3 «Б» - ДИПЛОМ. Сынып жетекшісі: Мошқал Гүлзат. Мадиярқызы Ихсана 3 «» - ДИПЛОМ. Сынып жетекшісі: Жусупова Салтанат. Байғожа Айтолқын 4 «Ә» - ДИПЛОМ. Сынып жетекшісі: Айтчанова Гүлсара. Қайырболды Айару 1 «Б» - ДИПЛОМ. Сынып жетекшісі: Мошқал Гүлзат. Әтірхан Кәусар 4 «В» - ДИПЛОМ. Сынып жетекшісі: Калиакбарова Қарашаш.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстандық әлемдік мәдениет пен өнер туралы шығармашылық әлеуетті және білімді игеру, Қазақстанның мәдени мұрасын құрметтеу мақсатында ұйымдастырылған "Ұлағатты ұрпақ" мәдени-білім беру жобасына белсенді қатысқаны үшін 2 "Ә" сынып оқушысы Жания Ержанқызы Алғыс хатпен марапатталады.
Құттықтаймыз!👏👏👏

Білім беру ұйымдары оқушылары арасында "Сайысқа түсте, жең!" атты дойбы ойынынан өткен онлайн турнирде белсенділік танытқан оқушыларымыз жеңіс тұғырынан көрінді.
Қаныбек Нұрасыл I орын
Нуралим Тамерлан II орын
Ертайұлы Бейбарыс, Жакупов Мақсұтқан марапатталды.
Құттықтаймыз!

Мектеп- лицейде Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына жолдауын және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласын түсіндіру бойынша педагогтерге ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп топтарда талқыланды.Педагогтар мақалада көрсетілген бағыттар бойынша өздерінің оқу-тәрбие процесінде басшылыққа алатын жоспарларын нақтылады.

2021 жылдың 26-28 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласы аумағында «ЖАСӨСПІРІМ» жедел алдын алу іс-шарасы барысында мектеп-лицейде “Қылмыстың алдын алу және қылмысты болдырмау” және “әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу болдырмау” мақсатында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Айдана Түймебай Асанқызы және криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Еркин Намазбаевич Баймуратов онлайн дәріс жүргізді.

ҚыркүйекҚазан | Қараша | Желтоқсан | Қаңтар|
Ақпан |Наурыз | Сәуір | Мамыр |