ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ (2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫ)

Басты бетке

02.12.2020 ж. Қамқоршылық кеңес отырысы өтті. Кеңеске мектеп-лицейдің әкімшілік мүшелері, бас бухгалтер, әлеуметтік педагог қатысты.Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды.
1. Қамқоршылық кеңес құрамына өзгеріс енгізу.
2. Әлихан Бөкейхан атындағы #76 мектеп-лицейдің 2020-2022 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы.
3. Пандемия кезіндегі оқыту үдерісі.
4. 2020 жылдағы бюджеттің жұмсалуы.
5. 2021 жылғы бюджеттік жоспардың жобасы.
6. Жаңажылдық қайырымдылық шараларымен қамтылатын оқушылар тізімін бекіту. Толығырақ....

Мектеп-лицейде қайталама шикізат жинау (макулатура, пластик, алюминий ыдыс) бойынша «ЭКОАСАР2» экологиялық марафон аясында 5-8 сыныптар арасында "Пластик" шеберлік сағаты өткізілді.ҚТҚ бөлек жинаудың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүргізілген шеберлік сағатта "Қоқысты қайта өңдеу" және "Макулатураны қайта өңдеу" тақырыбында ақпараттар мен видеолар көрсетілді. Қайта өңдеуге жарамды қоқыстар, олардың нөмерлері, қай жәшікке тастау керектігі туралы айтылды. Шеберлік сағатының қортындысы ретінде ойын ойнатылды. Оқушылар шеберлік сағатындағы тың идеяларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған қалалық "Сұлулық әлемі" атты сәндік-қолданбады өнер байқауында мектеп-лицейдің 8 "Д" сынып оқушысы Төлеген Гауһар III орын иеленді.
Жетекшісі - Нургалиева Баян
Жеңісті күндеріміз көп болсын!

ҚыркүйекҚазан | Қараша | Желтоқсан | Қаңтар|
Ақпан |Наурыз | Сәуір | Мамыр |