ҚАРАША ЖАҢАЛЫҚТАРЫ (2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫ)

Басты бетке

Мектеп-лицейде бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі тарапынан дайындалған "Есірткіні тарату және тұтынудың құқықтық аспектілері" атты бейнематериал мен онлайн дәріс өтті. 9-11 сынып оқушыларына онлайн форматта өткізілген бұл дәрісті мектеп-лицей инспекторы Түймебай Айдана Асанқызы өткізді.

Қалалық дойбы турнирі бүгін мектеп-лицейіміздің оқушылары үшін жеңіспен аяқталды.
Нуралим Тамерлан I- орын
Ертайұлы БейбарысI- орын
Каныбек Нурасыл II- орын
Тренер: Абишев К.С.

Мектеп-лицейде қайталама шикізат жинау (макулатура, пластик, алюминий ыдыс) бойынша «ЭКОАСАР2» экологиялық марафон аясында 1-4 сыныптар арасында "ЭКОКЛОУН" шеберлік сағаты өткізілді.ҚТҚ бөлек жинаудың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүргізілген шеберлік сағатта "Қоқысты қайта өңдеу" және "Макулатураны қайта өңдеу" тақырыбында ақпараттар мен видеолар көрсетілді. Қайта өңдеуге жарамды қоқыстар, олардың нөмерлері, қай жәшікке тастау керектігі туралы айтылды. Шеберлік сағатының қортындысы ретінде ойын ойнатылды. Оқушылар шеберлік сағатындағы тың идеяларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

Мектеп-лицейде Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне арналған "Жалпыадамзаттық құндылықтар — бақытты өмір негізі" тақырыбында жалпыреспубликалық бірыңғай өзін—өзі тану сағаты өтті. Оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтар, отбасы және достық туралы бейнематериалдар мен шығармашылық тапсырмалар берілді.

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай мектеп-лицей оқушылары санитарлық талаптарды сақтай отыра Тұңғыш Елбасы музейіне барды. Музейден Елбасының балалық шағынан Президент болғанға дейінгі өмір жолымен танысты. Елбасы туралы білімдерін молайтып, сұрақтарына жауап алды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аясында 20.11-01.12 аралығында өткізілген
"Менің отаным" жас суретшілер байқауының қорытындысы:
1 орын: Наурызбай Нұрасыл. 3 "К" сыныбы, 2 орын: Ашимова Мерей 1 "Е", Сағатова Жансая 3"Ғ"
3 орын: Шодыбай Айзере 1 "В",Абдухманова Алуа 3 "Е", Аманжол Елнұр 3 "И" сынып оқушылары иеленді.
Ынталандыру жетондарымен:Махмет Али 2 "З", Әбдіжаппар Інжу 4 "Ә", Кеңес Баян 3 "Ә"
Бегали Айзере 3 "Ә" сынып оқушылары марапатталады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Марапаттау рәсімі: 4 желтоқсан сағ 12.00  322каб өтеді.
Санитарлық талаптарды сақтап келуге шақырамыз !!!

Мектеп- лицейімізде Тұңғыш Президент күніне орай 1-4 сыныптарда «Елімнің Тұңғыш Президенті», 5-7 сыныптарда «Қазақстан көшбасшымен бірге» 8-11 сыныптарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -Ұлт көшбасшысы» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында Елбасының бала күнінен бүгінгі күнге дейінгі жолы, ел үшін атқарған елеулі істері туралы ақпарат беріліп, бейнероликтармен танысты.

Мектеп-лицей дарынды оқушылары 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған дойбыдан қалалық турнирға қатысып, жеңіске жетті. Нуралим Тамерлан, Өнербай Акжан, Ертайулы Бейбарыс l орын алса, Каныбек Нурасыл ll орынды иеленіп, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Жеңісті күндеріңіз көп болсын!

ҚыркүйекҚазан | Қараша | Желтоқсан | Қаңтар|
Ақпан |Наурыз | Сәуір | Мамыр |