ҚАЗАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ (2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫ)

Басты бетке

Мектеп-лицейде 8-9 сынып оқушыларына microsoft teams платформасында мектеп-лицей инспекторы Түймебай Айдана Асанқызы онлайн дәріс жүргізеді. «Жолда жүріп-тұру ережелері», «Әкімшілік және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбындағы кездесуде оқушылар берілген ақпараттармен танысып, сұрақтарына жауап алды және ұсыныстарын білдірді.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік бастамаларын қолдау мақсатында мектеп-лицейде балалар өкілеттігіне сайлау өтілді. Сайлауға 7-10 сынып оқушылар арасынан 78 оқушы қатысып өз бағдарламаларын ұсынды. III кезеңнен тұратын айналымда оқ бойы оза шауып мектеп-лицейдің балалар өкілеттілігіне:
Әлібек Алуа - 10 "Д" сыныбы
Турбай Жанбота 9 "Г" сыныбы
Өтепберген Жәния 8 "В" сынып оқушысы сайланып, қалалық кезеңге бағдарламалары ұсынылды.

Мектеп-лицейде 10-11 сынып оқушыларына microsoft teams платформасында мектеп-лицей инспекторы Түймебай Айдана Асанқызы онлайн дәріс жүргізді. «Әкімшілік және құқық бұзушылықтың алдын алу», тәртіптік шаралар мен "Жолда жүру ережелері" тақырыбындағы кездесуде оқушылар берілген ақпараттармен танысып, сұрақтарына жауап алды және ұсыныстарын білдірді.

"Бала құқығы - адам құқығы" Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған жоба шеңберінде мектеп-лицейімізде 1-11 сыныптарға онлайн сынып сағаты өтті.
✅ «Менің құқықтарым – менің міндеттерім» (1-4 сынып);
✅ «Құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік» (5-8 сынып);
✅ «Құқықбұзушылықтар мен заңды жауапкершілік» (9-11 сынып);
Жиналысқа қатысушы оқушылар берілген ақпараттармен танысып, сұрақтарына жауап форматымен аяқталды.

14-23 қазан аралығында 1-4 сыныптар аралығында еңбек өнімін пайдаланып, қолөнер шеберлігін дамыту мақсатында «Күз сыйы» сайысы өтті. Барлық шартты толық орындаған, іріктелген жұмыстар мектеп-лицейдің әлеуметтік желілеріне салынып, дауыс беру арқылы жеңімпаздар таңдалды. (Бір адамнан бір дауыс есептелді) Сайыстың нәтижесі:
1- сынып аралығында: 1-орын: Болат Нұрсана, 2-орын: Толеу Адина, 3-орын: Ашимова Мерей
2 - сынып аралығында: 1-орын: Нұрболатқызы Сезім, 2-орын: Досан Саяна, 3-орын: Абдукеримов Альтаир
3-сынып аралығында: 1-орын: Оңғарбай Әміржан, 2-орын: Жаңаберген Санжар,3-орын: Джакупов Амир
4-сынып аралығында: 1-орын: Әбдіжаппар Інжу,2-орын: Аманжол Елнұр,3-орын: Байғожин Айтолқын
Барлық қатысушылар ынталандыру жетонын алады!

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған Х жазғы Қазақстан оқушылары арасында республикалық дойбыдан онлайн жарыста Нұрәлім Темірлан I орынды иеленді. Құттықтаймыз!

13-25 қазан аралығында мектеп- лицейде "Жаңа логотипке" конкурс өтті. Конкурсқа мектеп-лицей мұғалімдері, оқушылар, ата-аналардан жалпы саны 34 жұмыс келіп түсті. Іріктелген жұмыстар арнайы комиссия отырысында қаралып, шарттарды толық орындаған, ең үздік жұмыс ретінде – 1 «В» сынып оқушысы Болат Нұрсананың ата-анасы Ыбырай Қобылан Болатұлы жеңімпаз атанды. Басты сыйлық планшет иегерін құттықтаймыз!

Жол көлік оқиғасының алдын алу бойынша "Жол қозғалысы ережелін білу - қауыпсіздік негізі" атты тақырыпта мектеп- лицей инспекторы Түймебай Айдана Асанқызы кезекші 1-2 сыныптарға дәріс жүргізді. Оқушыларды жол қозғалыс ережелін білуге оны жолда сақтауға шақырды.

Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан | Қаңтар|
Ақпан |Наурыз | Сәуір | Мамыр |