ҚЫРКҮЙЕК ЖАҢАЛЫҚТАРЫ (2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫ)

Басты бетке

Мектеп-лицейдің барлық оқушылары үшін "Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?" атты онлайн жүйеде жалпыреспубликалық сынып сағаты өтті. Сынып жетекшілері 2020-2021 оқу жылында эпидемиологиялық жағдайда оқыту форматтары туралы хабардар етті. Оқушыларды қашықтан оқытуда жүргізілетін білім беру интернет- платформасымен таныстырды, сондай-ақ жаңа оқу жылында білім алушыларға бағалау принциптерін түсіндірді. Оқушылардың назарын өз денсаулығын бақылау, санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігіне аударып, интернет желісіндегі жұмыс тәртібін еске салды.

2020-2021 оқу жылына дайындық аясында мектеп-лицейде жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті. Онлайн жиын барысында сынып жетекшілер ата-аналарына қазіргі эпидемиологиялық жағдайда қашықтан оқыту форматы, санитарлық талаптарды сақтауды, интернет платформасы, бағалау жүйесі сынды өзекті жағдаяттарды түсіндірді. Жиналысқа қатысушы ата-аналар берілген ақпараттармен танысып, сұрақтарына жауап ала алды.

24 тамызда №67 гимназия және Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицей педагогтарының «АШЫҚ БІЛІМ: ТЕОРИЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ ІЗДЕНІС» тақырыбындағы желілік конференциясы өтті. 234 педагог қатысқан конференцияның пленарлық отырысында «Н.Назарбаевтың Білім беру қоры» ҚҚ бас сарапшысы, PHD, «SHARE» халықаралық жобасының жетекшісі Аюбаева Назипа Алтынбековна, НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығының аға оқытушысы Ахметова Салтанат Паналиевна, Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының «Инновация» бөлімінің басшысы Шаяханова Роза Акпановналар баяндама жасады.
Сонымен қатар, аталған екі мектептің SHARE жобасы бойынша координаторлары Алибекова Сандугаш Сарсеновна мен Оразалы Султанбек Күйкентайұлы конференцияға қатысушыларды халықаралық жобаның аралық нәтижесімен таныстырды. Пленарлық отырыстан кейін педагогтар секциялық ... ТОЛЫҒЫРАҚ

Мектеп - лицейде "Дара сынып" жобасы басталды. Жоба аясында Zoom платформасында әр сыныптан өкілдер ретінде 81 оқушы жиналып, жеребе арқылы өз сыныбына дара атау таңдаған болатын.
Жобаның негізгі мақсаты: оқушы бойындағы ұлттық құндылықты дәріптеп, азаматтық-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру.
Ендігі жоспарда әр сыныптың жеке-дара атымен байланысты мектепішілік, сыныпішілік кешенді іс-шаралар өткізу.Баршаңызға белсенді қатысуға сәттілік тілейміз!

Мектеп-лицейімізде жаңа оқу жылы барлық республика мектептері секілді қашықтан басталды. Бастауыш сыныптар үшін ата-аналарының өтініші бойынша кезекші топтарға 441 оқушы қабылданды. 1 қыркүйек Білім күніне 1 - сыныптан 188 оқушы әр түрлі уақытпен әлеуметтік арақашықтықты сақтап мектеп табалдырығын аттады. Санитарлық талаптар сақталып, қақпа алдында оқушыларды арнайы - тепловизормен қабылдап алып, мектепке дезинфекциялық туннельдермен кірді. 1 -сыныптарға «ТАҒЫЛЫМ: Әлихан Бөкейхан» тақырыбында тәрбие сағаттары сыныпта өтті. Ал 2-4 сыныптар «Конституция – біздің болашағымыз!», 5-11 сыныптар «Абай - дана, Абай - дара қазақта!(Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнау) тақырыптарында тәрбие сағаттары онлайн форматта өтті.

Жол көлік оқиғасының алдын алу бойынша "Жол қозғалысы ережелін білу - қауіпсіздік негізі" атты тақырыпта мектеп- лицей инспекторы Түймебай Айдана Асанқызы кезекші сыныптарға дәріс жүргізді.Оқушыларды жол қозғалыс ережелін білуге оны жолда сақтауға шақырды.

Мектеп- лицейде үш жыл бұрын басталған "Отбасымен ағаш егейік" акциясы жалғасуда. Мектеп ауласына отбасылар өздерінің көшеттерін егеді және оны өздері күтіп, баптайды.Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және еңбекке баулу мақсатында атқарылатын бұл іс-шараға 12 қазанға дейін кез-келген күні қатысуға болады. Ұрпағыңызға үлгі болуға сізді де шақырамыз!

Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы шеңберінде мектеп-лицейімізде "Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?" тақырыбында онлайн жиналыс өтті. Онлайн жиын барысында ата-аналарға қашықтан оқыту форматында оқытудың ерекшеліктері түсіндірілді:
✅ мектеп жұмыс істейтін платформа;
✅оқыту форматтары;
✅ балаларды ынталандыру және жауапкершілігін қалыптастастыру;
✅ интернеттегі жұмыс қауіпсіздігі мен ата-ана бақылауы.
Жиналысқа қатысушы ата-аналар берілген ақпараттармен танысып, сұрақтарына жауап алды және ұсыныстарын білдірді.

"Педагогикалық шеберхана" жобасының аясында, мектеп-лицейіміздің тәжірибиелі ұстаздарының қолдауымен вебинар болып өтті. Вебинар барысында:
Action 1: Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Action 2: Авторлық бағдарлама, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу
тақырыптары қамтылды. Вебинардың тақырыбы, ұстаздарымыздың ойындағы проблемалық сұрақтардан таңдалып алынды. Ғылыми жұмыстың кезеңдері мен құрылымымен қоса республикалық деңгейде қорғалған авторлық жұмыстардың таныстырылымы болды. Еңбек жолын енді бастаған жас ұстаздарымыз бен бірге авторлық бағдарлама , ғылыми жұмыс жазуды жоспарлап жүрген әріпестеріміздің сұрақтарына жауап берілді.

Қайталама шикізат жинау (макулатура, пластик, алюминий ыдыс) бойынша «ЭКОАСАР» экологиялық марафон аясында экосынып сағаты өткізілді. ҚТҚ бөлек жинаудың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүргізілген экосағатта "Қоқысты қайта өңдеу" және "Макулатураны қайта өңдеу" тақырыбында ақпараттар мен видеолар көрсетілді. Оқушылар шеберлік сағатындағы тың идеяларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

23-29 қыркүйек аралығында мектеп - лицейімізде оқушылардың өзін-өзі басқару негізінде оқушылар Парламентіне сайлау өтті. Парламенттік сайлауға қоғамдық қызметтерге мүдделі, көшбасшы, «Жас Ұлан» ұйымына мүше 7-10 23 қыркүйектен бастап мектеп-лицейіміздің оқушылардың өзін-өзі басқару негізінде оқушылар  ТОЛЫҒЫРАҚ...

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні сағат 11:00-де Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицей ұжымымен «Парасаттылық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған кездесу қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және парасаттылық, адалдық, адамгершілік қағидаттарын таратудың маңыздылығын түсінуге арналды. Қатысушылар парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеудің тәжірибелері мен ұлттық негіздері туралы білім алды, сондай-ақ білім беру процессінде парасаттылықты ілгерілету үшін пайдаланылуы мүмкін тәсілдермен және әзірлемелермен танысты. Қазіргі уақытта, парасаттылық мәдениетін дамыту  ТОЛЫҒЫРАҚ...

Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан | Қаңтар|
Ақпан |Наурыз | Сәуір | Мамыр |