«АШЫҚ БІЛІМ: ТЕОРИЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ ІЗДЕНІС»

24 тамызда №67 гимназия және Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицей педагогтарының «АШЫҚ БІЛІМ: ТЕОРИЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ ІЗДЕНІС» тақырыбындағы желілік конференциясы өтті. 234 педагог қатысқан конференцияның пленарлық отырысында «Н.Назарбаевтың Білім беру қоры» ҚҚ бас сарапшысы, PHD, «SHARE» халықаралық жобасының жетекшісі Аюбаева Назипа Алтынбековна, НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығының аға оқытушысы Ахметова Салтанат Паналиевна, Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының «Инновация» бөлімінің басшысы Шаяханова Роза Акпановналар баяндама жасады.
Сонымен қатар, аталған екі мектептің SHARE жобасы бойынша координаторлары Алибекова Сандугаш Сарсеновна мен Оразалы Султанбек Күйкентайұлы конференцияға қатысушыларды халықаралық жобаның аралық нәтижесімен таныстырды. Пленарлық отырыстан кейін педагогтар секциялық отырыстарда тәжірибе алмасты:
• Білім берудегі инклюзивті көзқарас
• Жаңа әлем, жаңа мектеп: мұғалімдердің дербестігі мен көшбасшылығы
• Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытудың қиындықтары және жетістіктері
• Сабақты зерттеуден мектепті өзгертуге дейін
• «Мұғалім-оқушы» қарым-қатынасы және оның оқыту үдерісіндегі маңыздылығы
• Цифрлық педагогика-үздіксіз білім беру көкжиегі
• Оқу ресурстары-педагогикалық дағдыларды дамыту құралдары
Серіктес мектептер арасындағы желілік конференцияның қорытынды бөлімінде модераторлар, сомдераторлар және сыртқы бақылаушылар спикерлердің презентацияларында қамтылған ұтымды тәжірибелерді, жаңа шешімдерді ерекшелеп атап өтті. Сондай-ақ, педагогтар алдағы уақытта да білім беру қызметін жетілдіру бағытында ортақ жобаларды іске асыру туралы ұсыныстарын білдірді.