ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ (2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫ)

Басты бетке

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мектеп-лицейімізде қалалық футзалдан 4-сынып ұлдары арасында жарыс өтті. Белсенді қатысып жеңіс тұғырынан көрінген командаларды құттықтаймыз!
I - орын 71мл
II - орын 76мл
III -орын 17мг

25 - 30 қараша аралығында Қарағанды қаласында С.Бегалин және Е.Гончаровты еске алуға арналған дойбы "64" бойынша ашық турнирде мектеп-лицейіміздің оқушылары жеңіске жетті. Каныбек Нурасыл III орын, Өнербай Акжан III орын

#76 мектеп-лицейіндегі Әлихан Бөкейхан мұражайында ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы Мәмбет Қойгелді жастармен және оқушылармен кездесіп, рух сабағын өткізді."Руханият" орталығының "Ruh time" тұлға-таным жобасы шеңберінде өткен кездессуде жас зерттеушілер мен оқушылар тарихшы ағадан тарих, ұлттық құндылықтар, өркениет жайлы терең мазмұнды сабақ алды.#76 МЛ оқушылары #жасасын_алаш эстафетасында өздері оқыған алаш қайраткерлерінің шығармаларын оқыды. Бүгінгі рух сағаты жастар мен оқушылардың ұлтқа деген сүйіспеншілігін одан сайын тереңдетті.

Нұр-Сұлтан қаласы "Асық ойыны" федерациясының президентінің ұйымдастыруымен өткен асық атудан "Алтын күз" атты оқушылар арасында Нұр-Сұлтан қаласының ашық біріншілігінде мектеп-лицейіміздің дарынды оқушысы Амангелді Айбек жүлделі I орынды иеленді. Құттықтаймыз!

Нұр - Сұлтан қаласы Оқушылар сарайында өткен "Событие года" ІІ республикалық балалар конкурсында мектеп - лицейіміздің балалар хореографиялық үйірмесінің талантты бишілері "Тостаған" ұлттық биімен I орын және "Африка" биімен I орын иеленді.

Бүгін #76 мектеп-лицейде "Алаш аңсаған азаттық және тәуелсіздік тағылымы" атты кешенді іс-шаралар өтті.Әлихан Бөкейхан мұражайынан басталған кездесу барлық сыныптарды қамтыған бірыңғай рух сағаттарымен жалғасты. Рух сағаттарын мектеп мұғалімдері және белгілі ғалымдар, жазушылар, ақындар, қоғам қайраткерлері, жас зерттеушілер өткізді. Ұлт тарихындағы маңызды оқиғалар, ұлы тұлғалардың қайраткерлік еңбектері мен шығармалары, еліміздің ерекше жетістіктері жөнінде мазмұнды сабақтар өтті. Әлихан Бөкейхан мұражайының ашылуымен сәйкес құрылған "Алаш алқасы" тарихи-танымдық интеллектуалдық жастар клубының кезекті отырысы өтті. Ғалымдар мен жастардың бетпе-бет жүздесуіне жағдай жасаған клуб отырысында жас ұрпаққа қажетті, үлгі болатын маңызды деректер айтылды, жастардың жауапкершілігін арттыратын ақыл-кеңес берілді. #76 мектеп-лицейінің бүлдіршіндері өздерінің өнерлерін арнады.
#жасасын_алаш

VII Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған "Жас дарын" өнер байқауында мектеп - лицейіміздің балалар хореографиялық үйірмесінің талантты бишілері "Чукотский" биімен I орынды иеленді. Умбеталиева Мариям соло биі "Аққу" I орынды алса Сериккызы Малика "Павлин" биімен I орынды иеленіп жеңіс тұғырынан көрінді.

Мектеп-лицейімізде V қалалық "Дойбы 64" чемпионаты өтті. 20 команданың жүйректерімен жарысып, V айналымда оза шауып мектеп- лицейіміздің командасы I орынмен жеңіс тұғырынан көрінді. Ұлдар арасында Ертайұлы Бейбарыс I орын, Жакупов Махсуткан II орын, Қаныбек Ерсұлтан IV орынды иеленді. Қыздар арасында Өнетбай Ақжан I орынды, Жақып Адия IV орынды иеленді.

Мектеп-лицейіміздің 9-10 сынып оқушылары филология ғылымдарының кандидаты, ағартушы, “Garysh_online” мамандық таңдау мектебінің спикері Омар Жәлелмен кездесті. Оқушыларымызға мамандық таңдауда көрініс табатын қателіктер, ата-ана мен бала арасындағы конфликтілерді болдырмау, ішкі түйсікті (интуиция) дамытудың жолдары, арманыңды сатпау мен өмірлік мақсат-мұраттарды қалай қалыптастыруға болады деген тақырыптарда әңгіме өрбітті. Оқушыларымыз көкейде жүрген сұрақтарына жауап ала алды.

ҚыркүйекҚазан | Қараша | Желтоқсан | Қаңтар|
Ақпан |Наурыз | Сәуір | Мамыр |

snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake