ҚАРАША ЖАҢАЛЫҚТАРЫ (2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫ)

Басты бетке

Мектеп-лицейімізде салауатты өмір салтын сақтап,оқушылар арасында ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында 8 сынып оқушыларының арасында ұлттық ойындардан мектепішілік жарыс өтті."Асық ату", "Бес тас" ойындары бойынша 78 оқушы қатысып, нәтижесінде
I ші орын 8-б,
II ші орын 8-ә,
III орын 8-г сыныптары жеңіп алды.Жеңіс тұғырынан көрінген оқушыларды құттықтаймыз!

Мектеп-лицейіміздің 8-10 сынып оқушыларына "ARQALAN" мектебі мамандық таңдау жөнінде мастер-класс өткізді. Қазіргі еңбек нарығындағы ахуалды ала отырып, саналы түрде кәсіби өмірге жол таңдау маңызын түсіндірді. Оған қоса, әлемнің ең үздік университеттеріне түсу барысындағы керекті көрсеткіштерді атап, академиялық жетістіктерге қоса әлеуметтік шаралардың рөлін атап айтты. Соңында оқушылар топтарға бөлініп, өз бизнес идеяларын ұсынып, кері байланыс орната алды. Маркетинг негіздерін кәсіби бағытта қолдану үлгілерімен танысты. Ағылшын деңгейін анықтайтын тест тапсырып, келесі сабақтан бастап ағылшын тілінде кәсіби білім алатынына көз жеткізді. Жасөспірімдерді бәсекеге қабілетті болу философиясына баулып, өз дарындылықтарын әрі қарай ұштауға ынталандырады.

Мектеп - лицейімізде ала допқа аңсары ауып, болашақта танымал футболшы болғысы келетін оқушылар "Арландар" футбол клубының негізін қалаған Фазылбек Әбсаттарұлымен кездесті. Аула командасын әуесқой футбол командасына айналдырған Фазылбек Әбсаттарұлымен оқушыларымыз футбол клубының тарихы мен жеткен жетістіктері жайлы мағлұмат алды.Футбол әлеміне қызығушылығы артқан оқушыларымыз "Арландар" клубының іріктеу кезеңіне жолдама алды.

Бүгін "Есіл" ауданы әкімдігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті, «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының ұйымдастыруымен қалалық деңгейде «Парасатты  отбасы» байқауы өтті. Байқау кезеңдері «Отбасымның тарихы», «Менің отбасым» тақырыбында отбасы шығармашылығы қамтылған бағыттардан тұрды. Мектеп-лицейіміздің ата-анасы Еркебұлан Қайназар жары Харигазы Майгүл және мектебімізде тәлім алатын балапандары Әбілхан Нарұлан, Әбілхан Бірғаным өте жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп, 15 мектептің ішінен бас жүлде иеленді. Мерейі асқақтаған отбасы қалалық байқауға тікелей жолдама алды.

ҚыркүйекҚазан | Қараша | Желтоқсан | Қаңтар|
Ақпан |Наурыз | Сәуір | Мамыр |

snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake