ҚАЗАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ (2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫ)

Басты бетке

Бүлдіршіндер бастауымен "Қарты бар үйдің қазынасы бар" атты қарттар күніне арналған құттықтау концерті болып өтті.
Балғын балдырғандардың өнеріне тәнті болған қариялар, алғыстарын айтып, ән салып, күй тартып көңілдерін көтерді.

"Қыз өссе, елдің көркі" демекші, мектебімізде 4"З" сынып жеткешісі Жандилдаева Жұмагүл Төленбайқызы және 4"Ә" сынып жетекшісі Касенова Бағилаш Балкенқызы бастауыш сынып оқушыларына "Қыз тәрбиесі, ұлт тәрбиесі" атауымен тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатына көпбалалы ана Айнұр Сұлтаншәріпқызы мен мектебіміздің ұлағатты ұстаздарының бірі Қарашаш Айтуарқызы қатысты. Қонақтарымыз қыз тәрбиесінің ұлтымызға маңыздылығы жайында, атадан балаға тараған тәрбие жайында түсінік бере кетті. Сабақ барысында оқушылар өздерін ойландырған сұрақтарын қойып, сабаққа белсенді атсалысып отырды.

Мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай 11-сынып оқушылары мұғалімдерге құрмет көрсетіп, "Ұстаздық еткен жалықпас..." тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырды. Салтанатты шарада мектеп-лицей директоры Сафура Сейдуалиқызы мұғалімдерді арнайы құттықтап, бірнеше мұғалімге арнайы марапаттар тапсырды. ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен директордың орынбасары Ташенова Шайзат, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Искаков Мейрамбек, ҚР Білім және ғылым министрінің алғыс хатымен бастауыш сынып мұғалімі Касенова Бағилаш пен тарих пәнінің мұғалімі Жаппарова Гүлниса марапатталды.Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен директордың орынбасары Асилбаев Елдан марапатталды.Сонымен қатар бірнеше мұғалімдерге Нұр-Сұлтан қаласы білім қызметкерлерінің "Әділет" кәсіподағының, Есіл ауданы әкімінің, "Нұр Отан" партиясы Есіл аудандық филиалы төрағасының және мектеп-лицей директорының грамоталары табысталды. Ерекше жетістікке қол жеткізген 12 мұғалімге бұйрық бойынша алғыс жарияланып, еңбек кітапшаларына енгізілді.

№76 мектеп - лицейіне Қазақстан Республикасының Ұлттық ат спорты Федерациясының президенті, Нұр-сұлтан қаласының халықаралық баспасөз орталығының негізін қалаушы Сәдібек Түгел ағамыз және Қазақстандық атбегі Талғат Омаров ағалар келіп, 4-сынып оқушыларымен тағылымды кездесу өтті. Кездесу барысында оқушылар ұлттық спорт жайында тереңінен біліп, сұрақтарын қойып белсенді отырды. Сәдібек ағамыздың басынан өткен оқиғаларымен отбасынан алған тәлім-тәрбиесі жайында сөз қозғады. Кездесу соңында Сәдібек Түгел аға өз туындыларын мектеп кітапханасына сыйға тартты.

5-6-7 сыныптар арасында қозғалмалы ойындардан "Кім жүйрік?" сайысы болып өтті. Сайыс барысында оқушылар: қашықтыққа жүгіру, секіру, сыныппен би сынды командалық жарыстарға қатысты. Жарыстың соңында жүзден жүйрік болып алға шыққан оқушыларды анықтады.

Мектеп-лицейімізде Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндіктің шеңберінде ұйымдастырылған "Қыз болашағы - ел болашағы" атты кездесуге танымал блогер,суретші Аңсаған Мұстафа қыздарымызбен сыр-сұқбат түрінде еркін форматта өрбіген әңгіме -дүкенде қазақ қызының бүгінгі болмысы мен тәрбиенің тізгіні қыз баладан басталатыны сөз етті.Қыздарымыз көкейкесті ойларына,өзектілігін жоймаған сұрақтарына жауап ала білді.

«Бақытты бала» ҚҚ ұйымдастырған балаларға арналған тренингке мектеп-лицейіміздің 8 «а» сынып оқушылары қатысты. Оқушылар алдымен «Астанателеком» ғимаратында "111" балалар мен жасөспірімдердің сенім телефонының жұмысымен танысты. Оқу тренингі қоғамдық қордың психолог-координаторы тарапынан жасөспірімдердің бойындағы сенімдікті арттыру мақсатында .......Толығырақ

Күз келсе-бақыт келер ырыспен. Бүгін мектебімізде 8-9-10 сыныптар арасында "Күзгі балл" сайысы болып өтті.Оқушылардың өнерлері, тапқырлығы мен озық ойлылығы сынға түсті. Әр сынып өз ханзада мен ханшайымын жоғарғы деңгейде көрсетіп, қолдауларын көрсетті.

Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының басшылығымен 2019-2020 оқу жылында SHARE жобасы қолға алынды. Бұл жобаға #59, 76 МЛ, #58 МГ, #67 Г, #37 ОМ қатысуда. Үш жылға арналған жобаның мақсаты орта білім жүйесінде Action research тәжірибесін енгізу болып табылады.Зерттеуге бағытталған жобаны іске асыруда астана мектептеріне Кембридж университетінің білім факультетінің мамандары Кейт Эванс, Коллин МакЛафлин, Дженни Ранкин және Назарбаев университетінің білім берудің жоғарғы мектебінің маманы Назипа Аюбаева әдістемелік-педагогикалық қолдау көрсетеді. Бүгін #76 МЛ базасында SHARE жобасының алғашқы семинары басталды. Семинар барысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов педагогтармен және шетелдік мамандармен шағын сұхбат жүргізіп, сәттілік тіледі.

Мектеп-лицейіміздің оқушылары "64" дойбы бойынша қалалық біліктілік турнирінде жеңіс тұғырынан көріне білді.Өнербай Ақжан - I орын, Сапар Айым - II орын, Долкын Аниса- II орын, Жақып Адия - III орын, Ертайұлы Бейбарыс II орын, Қаныбек Ерсұлтан - III орын, Нуралим Тамерлан - I орын, Жеңіске жеткен оқушыларды құттықтаймыз!

Бүгін мектебімізге айтыскер ақын, жыршы Серікзат Дүйсенғазы ағамыз қонаққа келіп, оқушылармен кездесті.Кездесу барысында, қазақтың төл өнері айтыс жайында сөз қозғалды, тарихи әнгімелермен ұлылардан қалған нақыл сөздер айтылды. Кездесу соңында Серікзат Дүйсенғазы ағамыз өз туындысын мектеп кітапханасына сыйға тартты

Мектеп-лицейдің Қамқоршылық кеңесінің құрамы жаңартылды.Мектеп-лицейдің дамуына, оқу-тәрбие үдерісіне қолайлы жағдай жасауға мүдделі ата-аналар өздерін ұсыну немесе сынып ата-аналарының ұсынуымен кеңеске мүшелікке қабылданды. Әр сыныптан қатысқан ата-аналардың қолдауымен кеңеске мүше болғандар өздерінің қызмет саласымен, мектепті дамытуға бағытталған ұсыныстарымен таныстырды.Қамқоршылық кеңес төрағасы болып Мұрат Қалиұлы Қарабаев сайланды. Кеңестің келесі отырысы қараша айында өтеді.

2019 жылдың 25 қазан күні №76 мектеп-лицейінде "Отбасы- тәрбие басы, мектеп- тәрбие жаршысы" атты тәрбие сағаты өтті. Сағаттың мақсаты ұрпақтың адами тәрбиесінің тәжірибесін қалыптастыру, өз отбасының тарихын білуі. Отбасылық тәрбие "Рухани жаңғыру"-дың алдына қойған ең басты мақсаты болып табылады.
"Отан, отбасыдан басталады " - туған үй, жайлылық, жылылық;
- өзара түсіністік, махаббат, құрмет;
- отбасылық мерекелер, дәстүрлер;
- өз халқының тіліне құрметпен қарау;
- Отан алдындағы борышын сезіну, өз елінің әлеуметтік және мәдени жетістіктері үшін мақтаныш

ҚыркүйекҚазан | Қараша | Желтоқсан | Қаңтар|
Ақпан |Наурыз | Сәуір | Мамыр |

snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake