ҚЫРКҮЙЕК ЖАҢАЛЫҚТАРЫ (2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫ)

Басты бетке

Нұр-Сұлтан қаласының "100 жас есімі" жобасы басталды! Үздік әрі белсенді оқушыларды көпшілікке таныстыру және өз ойларымен бөлісу үшін өткізілгелі отырған жобаның таныстырылымы болып өтті. Жыл бойы әр мектеп табысты шәкірттер арасында көптеген жарыстар өткізіп Нұр-Сұлтан қаласының 100 жас есімін анықтайды.

№76 мектеп-лицейінің 5-7 сынып оқушыларына "Абайлаңыз балалар!" атты түсіндіру профилактикалық шара болып өтті. Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспектор полиция лейтенанты Қайырбекова Айжан Балғабаевна және полиция аға лейтенанты Бидахмет Жазира Талғатқызы оқушыларға жолда жүру ережесі жайында, кәмелетке толмаған оқушыларға тыйым салынған заңдар жайында толық мағлұмат бере кетті. Профилактика барысында оқушылар, көптеген сұрақтардың жауабын алды

Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбындағы салтанатты жиын 2019-2020 оқу жылында мектеп табалдырыңын аттаған 330 бүлдіршінге арналды.Салтанатты жиынға қатысушыларды абайтанушы, алаштанушы, жазушы, профессор Тұрсын Жұртбай, қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы және мектеп-лицей директоры Сапура Сейдуалиқызы құттықтап, жас бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. Бүлдіршіндерді Абай, Ыбырай, Әлихан бейнелерін сомдаған мұғалімдер қарсы алып, аталған тұлғалардың ғибратты өлеңдері мен нақыл сөздерін оқыды. Биылғы оқу жылындағы қоңырау соғу рәсіміне өзгеріс енгізіліп, жез қоңырау ұлттық аспаптарға ауыстырылды. Бүлдіршіндер мектепке алғашқы қадамдарын домбыра мен асатаяқтың үнімен бастады. Салтанатты шарадан кейін жазушы Тұрсын Жұртбай, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы және ақын Серік Сейітман 1-сыныпқа қабылданған бүлдіршіндерге өнеге сағатын өткізді

Бүгін "Менің атаулы гүлім" экоакциясы бастау алды. Отбасылық бірлік пен еңбекке баулуды мақсат еткен бұл акция шеңберінде бір күнде 100 шақты отбасы сынып бөлмелерінде балаларын еңбекке баулыды. Әр оқушы өздерінің гүлдерін жыл бойы өздері күтіп, баптайтын болады.

76 мектеп-лицейде ата-аналарға ашық есік күні өтті. Оқушылардың оқу барысында ой-өрісін техникалық, тарихи танымдық бағытта дамытатын жабдықталған кабинеттер көрсетілді
Әлихан Бөкейхан мұражайы
STEM Laboratory
Виртуалды зертхана
Интеллектум

Оқушылардың танымдық, шығармашылық, спорттық дамуына мүмкіндік беретін үйірме, секция, қосымша сабақтардың ұйымдастырылуы маңызды. Сондай-ақ, ондай үйірмелерді мектеп ішінде ұйымдастырса оқушыға да, ата-анаға да тиімді.Бүгін бізде ҚОСЫМША БІЛІМ ЖӘРМЕҢКЕСІ өтті. Ата-аналар мен оқушылар өз таңдауларын жасады. 1 қазанға дейін әлі де қосымша қызмет түрлерін таңдауға мүмкіндік беріледі.

2018-2019 оқу жылы басталған "Отбасымен ағаш егейік" жобасы көктем және күз айларында жүйелі өткізілуде.Жоба басталғаннан бері 100-ден астам отбасы өздерінің отбасылық ағаш көшеттерін мектеп ауласына отырғызып, өздері күтіп, баптауда.Жобаның мақсаты отбасылық бірлікті нығайту, еңбекке баулу, экомәдениетті қалыптастыру.

Бүлдіршіндер Әлихан Бөкейхан мұражайына саяхат жасады. Мұражай жетекшісі Заңғар Кәрімхан 1-сынып оқушыларына Әлихан Бөкейханның балалық шағы, студенттік өмірі мен ұрпаққа қалдырған еңбектері жайында танымдық әңгіме айтып берді.

Бүгін #76 мектеп-лицейде USTAZ PLC педагогтарды кәсіби дамыту орталығының қолдауымен #Ustazupgrade конференциясы өтті.Конференцияға Нұр-Сұлтан қаласының Креативті мектептер лигасының мұғалімдері, ШҚО директорлары қатысты. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Екібастұз, Павлодар қалаларынан арнайы шақырылған тренерлер 30-дан артық шеберлік сағаттарын өткізді.Аталған лига мұндай шараларды алдағы уақытта да жүйелі ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Creative schools league ерікті бастамамен 2019 жылдың сәуірінде құрылған болатын және бұл лигаға Нұр-Сұлтан қаласының 10 мектебі (БИЛ-2, #73, 76, 50, 58, 48, 67, 66,53) мүше.

Мектеп - лицейімізде "Астана дарыны" өңірлік орталығының ұйымдастыруымен «Latyn álіpbıі» қалалық кіші олимпиадасы өтті. Ооимпиадаға пилоттық режимде латын әліпбиі бойынша жұмыс атқарып жатқан білім беру мекемелерінің оқушылары мен студенттері қатысты. Олимпиаданың мақсаты: Жасөспірімдер арасында латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін насихаттау, тілдік білімдерін жетілдіру. Командалық олимпиада ережеге сәйкес 4 айналым бойынша өтті. Командалар латын әліпбиі бойынша алған білімдерін олимпиадалық тапсырмаларды орындау барысында көрсетіп жеңіс тұғырынан көріне білді. І дәрежелі диплом #76 мектеп-лицейдің «Серпін» командасы; ІІ дәрежелі диплом - №40 орта мектебінің «Жалынды жастар» к. №77 мектеп-гимназиясының «Гауһар тас» к. ІІІ дәрежелі диплом- №67 гимназияның «Қазына» к. №68 мектеп-гимназиясының «Қыран» к. Гуманитарлық колледждің «Өркениет» к. Грамота- Политехникалық колледждің «Жауқазын» к. Көпбейінді колледждің «Алаш алауы» Жетістікке жеткен оқушыларымызды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

MOTIVATION SPEECH."100 жаңа есім" жобасының екінші маусымының жеңімпазы АСАН ЖОЛДАСОВПЕН өткен 2 сағат тыңдаушы жасөспірімдер мен жастарға мотивациялық сағат болды.
Армандау мен мақсат қою, еңбектену, қателесуден және жеңілістен қорықпау, бірінші болуға ұмтылу, ата-анамен ашық сөйлесу сияқты қарапайым да маңызды әрекеттер төңірегінде әңгіме болды.
-9 сыныптан бастап өзінен кішілерге математикадан қосымша сабақтар берген!
-8 сыныптан үй салуды бастап, сол үйдің құрылысын аяқтаған!
-19 жасында (студент) өзінің математикалық мектебін ашқан!
-11 сыныпта өзінің алғашқы миллион табысына қол жеткізген! Жетістікке жеткен сайын елге, қоғамға тигізетін пайдасын да ұмытпаған іскер, білімді азаматты оқушылар 2 сағатта әрең босатты.

ҚыркүйекҚазан | Қараша | Желтоқсан | Қаңтар|
Ақпан |Наурыз | Сәуір | Мамыр |

snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake