Директор блогы

Басты бетке

№ 76 мектеп-лицей директоры

Тулекова Сафура Сейдуалиқызы

 

 

 

Біздің №76 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ -

·Шығармашылық пен жаңалықтар кеңістігі!

· Білім мен ғылым әлемі!

· Таным көкжиегін кеңейтетін, саналы ой қалыптастыратын шеберхана!

· Азаматтық ұстаным қалыптастыратын еркін диалог алаңы!

· Достық пен ынтымақтастық ортасы!

· Рухы біртұтас жандардың мекені!

Сайт арқылы мектеп-лицейдің тыныс-тіршілігімен танысуға және өзекті сұрақтарыңызды жолдауларыңызға болады.

комментариев 38

  1. Асель:

    Добрый день! Скажите пожалуйста если ребенок освобожден от урока физ. культуры, он обязан посещать это урок?

    • Сафура Сейдуалиқызы:

      Добрый день!
      Если физкультура в расписаний стоит первым или последним уроком, то разрешаем не посещать. А если же урок стоит в середине расписания, то в целях безопасности, учащийся должен находиться рядом с учителем, т.е. в спортзале. Также допускается посещение библиотеки во время урока физкультуры, но только поставив учителя в известность.

  2. Ақерке:

    Сəлеметсіз бе!Химия пəні мұғаліміне бос орын бар ма?

  3. Махаббат:

    Сәлеметсіз бе! Бастауыш сынып мұғалімі вакансиясы бар ма?

  4. Гульнар:

    Добрый день!
    Есть ли вакансия учителя английского языка? Пед стаж 27 лет, категория высшая, педагог исследователь.

    • Сафура Сейдуалиқызы:

      Добрый день!
      К сожалению, по английскому языку вакантных мест нет. Удачи Вам!
      15 августа с 9.30 до 13.00 во дворце “Жастар” планируется ярмарка вакансии, для сведения.

  5. Шамшибану:

    Сафура Сейдуалиқызы сәлеметсіз бе! Сіз және мектебіңіз жайлы сайттан, комментарийлерден оқып мектебіңізге тәнті болып отырмын. Математика пәні мұғалімі вакансиясы бар ма?

    • Сафура Сейдуалиқызы:

      Қайырлы күн! Мектеп-лицей ұжымына деген жақсы пікіріңізге рахмет! Өкінішке орай, математика пәнінің мұғалімі бойынша бос жұмыс орны жоқ.
      Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сізге сұраныс болатынына сенемін және сәттілік тілеймін.

  6. Алмагуль:

    Сафура Сейдуалиқызы сәлеметсізбе! Менің атым Алмагул. Мен Косшы аулынан Туркістан 14 а үйге көшіп келдім. Уйді басынан бастап унаған мектебіміз жанын издеген болатынмын. Балам оқу үздігі, Караэтэ Киокушинкайдан Астана каласы бойынша 1 ші дан, сары белбеу арасында 2019 ж. чемпион болды. Сіздің мектепке үйіміз жақын, рейтинг бойынша біздін талғамымызға сайсыздар. Бірақ біздің үй 85 мектепке қарайды екен. 76 мектепке қалай ауысуымыз керек. Түсіндіре кетсеніз.

    • Сафура Сейдуалиқызы:

      Қайырлы күн, Алмагул!
      Мектеп-лицейдің қызметі жөніндегі жақсы пікіріңіз үшін алғысымды білдіремін.
      Мектепке қабылдау ҚР Білім және ғылым министрінің 12.10.2018 ж. #564 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
      Сіздің балаңызды мектепке қабылдау мүмкіндігін қарастыру нешінші сынып оқитынына байланысты. Егер, балаңыз қабылдануы тиіс сыныпта бос орын болса, өтініш негізінде қабылданады. 8-775-2533630 телефонына xабарласуыңызды сұраймын.

  7. Мейірмангүл:

    Сәлеметсіз бе, Сафура Сейдуалиқызы! Мектебіңіздің осындай тамаша сайты мен өзіңіздің жеке блогыңызды көріп қуанып отырмын. Біз жақында Ақтау қаласынан Нұр-Сұлтанға көшіп келген едік. 1-сыныпты бітірген ұлым мен енді бірінші сыныпқа баратын баламды сіздің мектебіңізге бергім келеді. 2-сыныпқа бала қабылдайсыздар ма? Ол үшін қандай құжаттар әкелуім керек? Рақмет!

    • Сафура Сейдуалиқызы:

      Қайырлы күн, Мейірмангүл! Біздің сайтқа қош келдіңіз!

      Мектеп-лицейге қабылдау 1 маусымда басталған және 31 тамызға дейін жалғасады.

      Қабылдау комиссиясы дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-18.30 аралығында жұмыс істейді. Түскі үзіліс сағат 13.00-14.30 аралығында.

      Байланыс телефоны: 76-86-09. Мекенжайы: Түркістан көшесі 10/1, №111 кабинет

      Мектепке қабылдау туралы толық ақпаратпен мектеп-лицей сайтындағы «мектеп-лицей» мәзірінде «мектепке қабылдау» парақшасынан таныса аласыз. http://school-lyceum76.kz/?page_id=3862

      1-сыныпқа тіркелуді e.astana.kz порталында онлайн режимде де іске асыра аласыз.

  8. 122112:

    Здравствуйте, я по такому вопросу, В астане живёт брат, а родителии в другом городе смогу ли я жить у брата и учиться в вашей школе? опекуном будет брат

    • Сафура Сейдуалиқызы:

      Добрый день!

      Прием в школу осуществляется согласно «Типовым правилам приема на обучение в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования» (Приказ МОН РК №564, 12.10.2018 г.).

      Прием в 2-8 и 10 классы осуществляется с обеспечением доступа обучающихся, проживающих на территории обслуживания организации образования (пункт 11).

      Прием в 10-11 классы осуществляется с обеспечением доступа обучающихся, проживающих на территории обслуживания организации образования, и на заявления родителей или иных законных представителей, а также наличия документа государственного образца об основном среднем образовании (пункт 12).

      Вы сможете обучаться в школе-лицей №76 в том случае, если брат имеет подтверждающий документ опекуна (опекунство оформляется органом опеки при акимате города где проживает опекун) Информация о приеме в школу: http://school-lyceum76.kz/?page_id=3862

  9. Баян:

    Добрый день! Хотела перевести ребенка в эту школу. Подскажите пожалуйста какие документы нужно приносить или все электронно, слышала, что школы документы сами перенаправляют. Пожалуйста скажите что нужно иметь с собой, чтоб не бегать и не отпрашиваться с работы несколько раз. До какого числа лучше сдать документы и определить ребенка. Заранее спасибо.

    • Сафура Сейдуалиқызы:

      Қайырлы күн, Баян!
      Мектепке қабылдау 1 маусым мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Қабылдау комиссиясы дүйсенбі мен жұма күндері сағат 9.00-18.30 (сағ. 13.00-14.30 түскі үзіліс) аралығында жұмыс істейді. 1-сыныпқа қабылдау e-astana.kz электронды жүйесі арқылы іске асады.
      Құжаттар тізімі:
      1. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
      2. 3х4 өлшемді 2 фотосурет
      3. 026-у нысандағы денсаулық паспорты (түпнұсқа)
      4. 063-у нысандағы екпе картасы(түпнұсқа)
      5. Ата-анадан немесе заңды өкілден өтініш (электронды өтініш беруде қажет емес)
      Электронды өтінішті мектепке келмей-ақ беруге болады. Жоғарыдағы құжаттарды сканерлеп, электронды жүйеге тіркейсіз. Қабылдау комиссиясы электронды өтінішті қарап, қабылдау туралы шешімді Сізге хабарлағаннан кейін 31 тамызға дейін құжаттардың қағаз нұсқасын мектепке өткізесіз. Сыныптарға жинақтау 25 тамыздан кейін болады.
      Қабылдау бойынша ақпарат алу үшін 3 маусымнан бастап 57-65-83 және 76-86-09 телефондарына хабарласуға болады.

      Добрый день, Баян!
      Прием детей в школу производится с 1 июня по 31 августа текущего года. Приемная комиссия будет работать с понедельника по пятницу включительно с 9.00 до 18.30 (с 13.00-14.30 обеденный перерыв) ч. Прием детей в 1-ые классы будет осуществляться через электронную систему e-astana.kz.
      Перечень документов:
      1. Копия свидетельства о рождении ребенка
      2. Фотография в размере 3Х4
      3. Паспорт здоровья форма-026 (оригинал)
      4. Прививочная карта форма -063 (оригинал)
      5. Заявление от родителя или законного представителя (при электронной подаче нет необходимости).
      Электронное заявление можно подавать не приходя в школу. Вышеуказанные документы просканировав, нужно зарегистрировать в электронной системе. После рассмотрения приемной комиссией Вашего заявления и решения о приеме в школу, нужно до 31 августа сдать в бумажном варианте указанные документы.
      Начиная с 3 июня 2019 года для получения сведений о приеме в школу можно связаться по телефонам 57-65-83 и 76-86-09

  10. Ботагоз:

    Добрый день! Можно узнать о вчерашнем замыкании проводов, хотелось бы уточнить была ли заявка с Вашей стороны в органы чрезвычайной ситуации? Хотелось бы надеяться, что ребенок находится в полной безопасности

    • Сафура Сейдуалиқызы:

      Здравствуйте. Пожар в гардеробной на третьем этаже не произошел из-за короткого замыкания проводов. Воспламенение произошло из-за перегрева подключенного зарядного устройства к телефону, который был в кармане куртки одного из учеников. В результате которой загорелась куртка. Воспламеневшую куртку мы потушили собственными усилиями, и по данному случаю были оповещены соответствующие органы.

      Безопасность обучающиxся – одна из приоритетныx направлении в работе школы. И это направление всегда на контроле со стороны администрации и служб черезвычайныx ситуации.

  11. Айгул:

    Салеметсиз бе Сафура Сейдуаликызы?! Сизди келе жаткан 8 Наурыз мерекесимен куттыктаймын! Менде сизге деген отинишим бар, мугалимдер акша жинауды догарса. Ата-аналар арасында мугалимге жакын бир ата-аналар хатшысы болып тагайындалып, мугалимнин не калайтынын биздерге жеткизип отырады. Жыл басынан бирнеше рет акша жиналды, енди агаш отыргызу, корме откизуге, мугалимге ар мейрам сайын жане де туган кунин есептемегенде. Сиздин сол мекеменин басшысы ретинде осы суракка нукте коярсыз деген ойдамын. Осы жайттар токтатылса.

    • Сафура Сейдуалиқызы:

      Қайырлы күн! Құттықтау үшін алғысым шексіз және Сізді де наурыз айындағы мерекелермен құттықтаймын.

      Сіздің өтінішіңіз бойынша өзіңіз көрсеткен сыныптағы мұғаліммен және ақша жинауға себепкер болған ата-анамен әңгіме жүргізілді, хаттамаланды. Ата-аналар тарапынан жиналған ақша жөнінде мұғалім хабарсыз. Ата-ана комитеті деген мүлдем тоқтатылған. Мұғалімнің атынан бір ата-ананың әрекет еткені белгілі болды. Сыныптағы балаларыңызға арналған қоғамдық, тәрбиелік шараларға барлық ата-ана бірдей деңгейде араласа алады, хатшы, комитет дегендердің ешқандай күші жоқ. Ақша жинаған ата-ананың айтуынша 8-наурызға қыздарға сыйлық алуға және 22-наурызға әр оқушыға ою сатып алу үшін ақша жинау туралы бастама көтерген және көпшілігі қолдаған. Ата-анаға заңсыз жинаған ақшаны әр ата-анаға қайтару керектігі ескертілді.

      Астана қаласы білім басқармасының 28.08.2018 ж. «Ата-аналардан заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы» №479 Бұйрығы және мектеп-лицей директорының 31.08.2018 ж. «Ақша жинауға тыйым салу туралы» №212 Бұйрығымен барлық педагогтар және ата-аналар танысқан. Аталған Бұйрықтардың көшірмелері мектеп-лицей сайтында, ата-аналарға арналған ақпараттық тақтада орналастырылған.

      Қазан айында «Отбасымен ағаш егейік» акциясы ұйымдастырылды. Акция ақша жинауды қажет етпейді, отбасымен ағаш егуді өз шешімдерімен қалаған отбасылар қолдады. Әр отбасы ағашты өздері әкелді. Күзде үлгермеген отбасыларға көктемде егуге мүмкіндік бар. Бірақ, бұл – әр отбасының ерікті шарасы, ешқандай мәжбүрлеу болмайды.

      Экологиялық семинар шеңберінде қатты қалдықтардан жасалған заттардың көрмесі болды. Оған да ақша жинау қажет болған жоқ, тек қалдық заттар жиналды. 1 наурызда қолөнер жәрмеңкесінде оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар өздері қолдан жасаған, тіккен, тоқыған бұйымдарын сатты.

      Сіз көтерген мәселе бойынша тыйым салу шаралары мектеп тарапынан жүйелі, қатаң бақылауда. Сондықтан ЕШКІМГЕ ЕШҚАНДАЙ АҚША БЕРМЕҢІЗ! Бұл мәселе ата-аналар арасында тағы да көтерілсе, менің байланыс телефоныма (87752533630) хабарласуыңызды немесе өзіме тікелей келуіңізді сұраймын. Мен Сізді қолдаймын және осы мәселені көтергеніңізге ризашылығымды білдіремін.

  12. Анвар Маратович:

    Уважаемая Сафура Сейдуалткызы!
    От жильцов ЖК Олимп Палас-2 большая просьба воздержаться от установки колонок в окна вашей школы и трансляции музыки на такой громкости, что детки в ЖК просыпаются во время полуденного сна, а родители на игровой площадки ЖК не слышат друг друга.
    Не далее как сегодня (6 октября 2018г) ситуация повторилась примерно с 10:00 до 13:00.
    Телефон в вашей приемной не отвечал.
    Это нарушает покой жильцов в выходной день, а главное лишает малолетних детей необходимого дневного сна.
    Надеюсь на Ваше понимание и решения этого вопроса без письменных жалоб в МОН и УО г.Астаны.
    С/у

    • Сафура Сейдуалиқызы:

      Здравствуйте, просим прощения, если нами были созданы неудобства. Школьные мероприятия (спортивные, экологические акции) организованные во дворе школы предполагают музыкальное сопровождение.
      6 октября 2018 года была проведена во дворе школы очередная экологическая акция сопровождаемая музыкой с 10.00 до 13.00 часов. Большинство мероприятий в школьном учреждении включая, подобные акции проводятся в дневное время, следовательно, покой жителей близлежащих домов в вечернее и ночное время мы не нарушаем. Кроме того, общегородские и общешкольные экологические, спортивные акции требующие музыкального сопровождения происходят крайне редко.

      Сәлеметсіз бе?! Сіздерге ыңғайсыздық тудырсақ, кешірім сұраймыз.
      Мектеп ауласында ұйымдастырылатын мектепішілік шаралар (спорттық, экологиялық акциялар) музыкамен сүйемелденеді.
      6 қазандағы экологиялық акцияда музыка мектеп ауласында шараның өтілу жоспарына сай сағат 10.00-13.00 қойылды. Балаларға арналған мекемеде көпшілікті қамтитын мұндай акциялар күндізгі уақытта болады және көрші тұрғындардың кешкі, түнгі тыныштығын бұзбаймыз.
      Музыкамен сүйемелдеуді қажет ететін жалпықалалық немесе жалпымектепішілік экологиялық, спорттық акциялар жиі болмайды.

  13. Гаухар:

    Құрметті ұстаздар сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Ұзақ өмір, қажымас қайрат, таусылмас бақыт, зор денсаулық, талмас қанат тілейміз!!!

  14. Құрметті ұстаздар қауымы сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.Орынгүл Қабдолқызы сізге жұмысыңызға жеміс тілеймін.

  15. Айнаш:

    Сәлеметсіз бе! Жоғары білімді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Санатым – жоғары. Жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өткенмін. ПШО-да үш айлық І деңгейлі «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы » атты курсты 2017 жылы бітіргенмін. Республикалық, халықаралық, қалалық жетістіктерім бар. Сіздерде орын бар ма?

    • Сафура Сейдуалиқызы:

      Сәлеметсіз бе! Өкінішке орай, Сіз сұраған мамандық бойынша бос жұмыс орны жоқ.
      Кәсіби деңгейі жоғары маман екеніңізді бағалаймын және сәттілік тілеймін!

  16. Жанар:

    Здравствуйте, хотела предложить Вам рассмотреть несколько вопросов:
    1. предусмотреть в школе на физкультуре занятия с лыжами и на коньках (зимой), а также большой теннис
    2. переноса занятий к соответствии с переносом рабочих дней, так, в майские праздники переносились рабочие дни понедельника на субботу, при этом дети должны ходить в школу в обычном режиме. Учитывая что на праздники семьи зачастую уезжают в другие города, ребенку приходится пропускать занятия в перенесенные дни.

    • Сафура Сейдуалиқызы:

      Здравствуйте, Жанар!
      1) Обучение по физической культуре проводятся в соответствие утвержденной программе. Спортивная площадка нашей школы располагает возможностью заниматься ходьбой на лыжах, кроме того, в программе 5-11 классов предусмотрен данный вид спорта. Территория школы располагает возможностью организации катка для катания учащихся на коньках в свободное от учебы время, на будущий учебный год планируется залитие катка. В будущем, также, можно рассмотреть вопрос об оснащении теннисного корта, возможно этот вид спорта представим вам, как один из видов секции.
      2) В соответствие Уставу школы-лицея и правилам внутренней трудовой дисциплины утверждена шестидневная трудовая неделя. В связи с тем, что суббота для нашего учреждения не является выходным днем, то нужно заметить, что Постановление Правительства распространяется для учреждений работающиях в пятидневном рабочем режиме. В субботу для учащихся 9 – 11 классов, а также, дополнительные уроки проводятся согласно утвержденному расписанию. Данный вопрос был рассмотрен и согласован на собрании с представителями от родителей 82-х классов и членами попечительского совета.

      Сәлеметсіз бе, Жанар!
      1) Дене шынықтыруды оқыту бекітілген бағдарламаға сәйкес іске асады. Бағдарламада 5-11 сыныптарда шаңғы тебу қарастырылған және меетептің спорт алаңында тебуге мүмкіндік бар. Коньки тебуге мектеп ауласына мұзайдын жабдықтап, сабақтан бос уақытта конькимен сырғанауға жағдай жасау үшін келесі оқу жылына жоспар жасалды. Теннис кортын жабдықтау мәселесін алдағы уақытта толық зерттеп, спорттық секция түрінде ұсынуға мүмкіндіктерді қарастырып көрейік.
      2) Мектеп-лицейде Жарғыға және “ішкі еңбек тәртібі ережесіне” сәйкес алтыкүндік жұмыс бекітілген. Сенбі біз үшін демалыс болып есептелмейді. Үкіметтің Қаулысы бескүндік жұмыс режиміндегі мекемелер үшін. Сенбіде 9-11 сыныптар мен қосымша сабақтар кестеге сәйкес өтеді. Бұл мәселе 82 сыныптан келген ата-аналар және қамқоршылылық кеңесінің мүшесі қатысқан жиналыста талқыланған болатын.

  17. Асель:

    Здравствуйте, хотела бы предложить расширить зону до турникета. Очень тесно не удобно переодеваться детям и даже ждать родителям, ведь площадь позволяет. Спасибо за понимание.

    • Сафура Сейдуалиқызы:

      Здравствуйте, Асель!

      Для расширения зоны до турникета нет возможности. Если расширить зону для родителей, тогда сузится зона для учащихся, что в свою очередь создаст неудобства при передвижении во время перемены, входа и выхода учащихся, Учащимся разрешено переодеваться после прохождения турникета, а перед гардеробной предусмотрены специальные лавочки. На следующий учебный год планируем открыть дополнительный вход для старшеклассников.

      Сәлеметсіз бе, Асель!

      Турникетке дейінгі орынды кеңейтуге мүмкіндік жоқ. Оқушыларға киімдерін турникеттен өткеннен кейін ауыстыруға рұқсат берілген және гардеробтың алдында арнайы орындықтар қойылған. Ата-аналар үшін орынды кеңейткен жағдайда, оқушыларға арналған орын тым тарылып кетеді және оқушылар сабаққа келген, кеткен уақыттарда, үзілістерде қиындық туындайды. Келесі оқу жылында жоғары сыныптар үшін қосымша есік ашу жоспарлануда.

  18. майра:

    Салеметсиз бе. Мне очень нравится ваша идея с дополнительным образованием для детей, за вознаграждение. Только в современное время из-за занятости на работе очень затруднительно прийти на подписания договора в рабочий день до 17:00. Неужели нельзя отправить договор на ознакомление по электронной почте, или через ребенка, как вы делаете, когда отправляете другие документы. Я думаю вы поймете меня и пойдете на встречу в решении данного вопроса.

    • Сафура Сейдуалиқызы:

      Здравствуйте, Майра!

      Вы можете скачать и ознокомиться с договором на обучение по платным дополнительным образовательным услугам на сайте нашей школы (раздел «Педагогикалық процесс», страничка «Ақылы қызмет»).

      Подробную информацию о расписании дополнительных занятий и свободных мест в группах можно получить по телефонам 576583 (приемная), 576319 (вахта).

      Сейчас оформляются договора с родителями. Необходимые документы для открытия специального счета по платным дополнительным образовательным услугам находятся на рассмотрении в Управлении образования г.Астаны. Об открытии счета родители будут оповещены.

      Сәлеметсіз бе, Майра!

      Сіз ақылы қосымша білім беру қызметін оқытуға келісімшартпен мектеп-лицей сайтының «Педагогикалық процесс» бөліміндегі «Ақылы қызмет» парақшасынан жүктеп алып, таныса аласыз.

      Қосымша сабақтардың кестесін және топтардағы бос орын туралы білу үшін қабылдау 576583 (қабылдау бөлмесі), 576319 (вахта) телефондарына хабарласуыңызға болады.

      Қазіргі күні ата-аналармен келісімшарттар жасалуда. Ақылы қызмет ақысын төлеу үшін арнайы есепшот ашуға қажетті құжаттар Астана қаласының Білім басқармасына өткізілді. Есепшот ашылғаннан кейін Сіздерді хабардар етеміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake