Бақытты мектеп

№76 mektep-lıseıіnіń resmı saıtyna qosh keldіńіzder !


Мектеп-лицейімізде Әлихан Бөкейхан туралы кеңінен насихаттай отырып, ұлттық ойындарды дамыту мақсатында "Асық ойындарынан Әлихан Бөкейхан атындағы кубок" атты қалалық жарыс өтті. "Асық ату", "Бестас" ойындары қамтылған бұл жарыста 9 команда қатысып жеңіс тұғырынан көрінген командалар оқ бойы оза шапты.
Нәтижесінде
I ші орын № 24 орта мектеп;
II ші орын №76 мектеп-лицей;
III орын №18 орта мектеп алды.
Жеңіске жеткен командаларды құттықтаймыз!

Мектеп-лицейімізде "Мұғалім-оқушы" қарым-қатынасы және оның оқу мен оқытудағы маңыздылығы тақырыбы аясында "Сторителлинг" форматындағы конференция өтті. Конференцияға №8 ОМ,№67 МГ ұстаздары бұл жобаның бағыт-бағдарымен танысу үшін қатысты. "Сторителлинг" форматында берілген тақырып аясында мектеп- лицейіміздің спикерлері өздерінің тәжірибелерімен бөлісті:
1.Саирова Бейбіткүл Бияхметовна "Президентпен түскен фото."
2.Жусупова Салтанат Хамитовна "Ақиқат"
3. Абдирова Ляззат Амановна "Кикілжіңді шешу жолдары"
4. Балгазина Кымбат "Жеңіс және жеңілу"
5. Жәнділдаева Жұмагүл "Құм ішіндегі бір мезет"
6. Шнанов Өтілбек "Шежіре" Аталған сторителлерлер өздерінің оқиғаларын пайдалана отырып оқушылардың бойына қалай тәлім- тәрбие, мотивация, сенімділік, рух беру жолдарын айтып өтті.

"EDTECH-KZ" халықаралық білім орталығының бас директоры, "Қазақ психологтар қоғамының" бірінші вице-президенті, психология ғылымының докторы, ЮНЕСКО клубының басшысы, кәсіпкер Бейсенбав Ғани Бекетайұлы мектеп-лицейіміздің 7-ші сынып оқушыларымен тренинг өткізді.Өз өмір жолын жоспарлау, енжарлықтан құтылудың жолдары, мақсатқа жетудің бағыттары туралы пайдалы ақпараттармен таныстырды. Оқушыларымыз  ойын арқылы өз ойларын ортаға сала отырып, өздерін қызықтарған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды.

2017-2018 оқу жылы (АРХИВ)
2018-2019 оқу жылы (АРХИВ)

ҚыркүйекҚазан | Қараша | Желтоқсан | Қаңтар|
Ақпан |Наурыз | Сәуір | Мамыр |

snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake snowflake